"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Төкен Әбдірахманов | өмірбаяны

Төкен Әбдірахманов |  өмірбаяны

Төкен Әбдірахманов - (1917–1990) 5 мамырда Семей өңіріндегі Ақсуат ауданының Қызылтас деген жерінде туған. Зайсандағы педагогика училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіләдебиет факультетін тамамдаған соң, педагогтық жұмыс атқарған. 

1942 жылдан 1944 жылға дейін Ұлы Отан соғысында болған. 

Майданнан елге оралғаннан кейін Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде істейді. 

1946–1951 жж. «Пионер» журналының редакторы, 1949 жылы Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бюро мүшесі болған.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтында қазақ әдебиетінен дәріс оқыған. Филология ғылымының кандидаты. Оның төл туындыларымен бірге, «Қожанасыр әңгімелері» (1968), В.Овсееваның «Васек Трубачев және оның достары» атты аударма кітаптары бар. 

Шығармалары: Қарғаш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1952; Бекет Өтетілеуов. Зерттеу. А., ҚМКӘБ, 1960; Жаңа ғасыр көгінде. Монография. А., «Мектеп», 1969.

Автор
Арман