KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Тоқаев Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады

• Қайсар Қанат
Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/onerbay_nurlan

Президенттің құттықтау хатын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесу барысында өнер иесіне табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің қазақ мәдениеті мен ұлттық өнердің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, оның шығармашылық жолына ерекше тоқталды.

"Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды.

Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз", – делінген Президенттің құттықтауында.

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа зор денсаулық, отбасына амандық пен береке, ал шығармашылық қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →