110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады

Тоқаев Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады
Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/onerbay_nurlan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевқа 65 жасқа толуына орай құттықтау жолдады.

Президенттің құттықтау хатын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесу барысында өнер иесіне табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің қазақ мәдениеті мен ұлттық өнердің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, оның шығармашылық жолына ерекше тоқталды.

"Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды.

Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз", – делінген Президенттің құттықтауында.

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа зор денсаулық, отбасына амандық пен береке, ал шығармашылық қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер