Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтар Ата заңның нормаларын жақсы біліп, оларды күнделікті өмірде қолданған сайын Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызы арта түседі.
"Конституция әр адамның қолында жүретін, жұмыс үстелінде тұратын, жеке кітапханасынан орын алатын құжат болуға тиіс деп есептеймін. Біз Конституцияда бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды бүкіл ел болып дәріптеуіміз керек", – деді Тоқаев.
Президент Конституцияны түсіндіру мен дәріптеу ісіне формалды түрде қарауға болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, бұл – ерекше жауапкершілікті талап ететін жұмыс.
"Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды", – деді президент.