Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ерлан Қаринге Конституцияны халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды

Тоқаев Ерлан Қаринге Конституцияны халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринге Конституцияның негізгі ережелері мен құндылықтарын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтар Ата заңның нормаларын жақсы біліп, оларды күнделікті өмірде қолданған сайын Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызы арта түседі.

"Конституция әр адамның қолында жүретін, жұмыс үстелінде тұратын, жеке кітапханасынан орын алатын құжат болуға тиіс деп есептеймін. Біз Конституцияда бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды бүкіл ел болып дәріптеуіміз керек", – деді Тоқаев.

Президент Конституцияны түсіндіру мен дәріптеу ісіне формалды түрде қарауға болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, бұл – ерекше жауапкершілікті талап ететін жұмыс.

"Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды", – деді президент. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер