Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тойда әншіге пародия жасаған қазақ баласы интернеттің жұлдызына айналды

Тойда әншіге пародия жасаған қазақ баласы интернеттің жұлдызына айналды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Желі қолданушылары өнерімен тәнті еткен баланы қазақтың Джим Керриі деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазнетте тойда ән салған әншіге пародия жасаған баланың видеосы тарады.

Ролик тойда түсірілген. Видеода үстел басында отырған кішкентай бала артында "Бұлбұл" әнін орындап жатқан қызға пародия жасайды.

Баланың мимикасы желі қолданушыларын тәнті етті. Ерекше өнеріне сүйсінген жұрт оны "қазақтың Джим Керриі" деп атаған.

"Вирустық" видео парақшалардың бірінде бір тәуліктен аз уақыт ішінде 2,5 мың рет қаралып үлгерді.

Айта кетсек, "Бұлбұл" – үлкен шеберлікті талап ететін өте күрделі туынды. Бұл әнді сазгер, ҚазКСР халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Латиф Хамиди жазған.

sputniknews.kz
Автор
Әлихан