KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Той болмайды": Райммен заңды некеге тұрған Ерке Есмахан үйлену тойына қатысты сұраққа жауап берді

• Еркебұлан

Жақында тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан үйлену тойы болмайтынын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желідегі Stories-те оқырманының "Үлкен той бола ма?" деген сұрағына жауап берген Ерке Есмахан күйеуі Райм екеуінің үйлену тойы болмайтынын айтты. "Той болмайды. Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағы, тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын. Бір үйлену фотосессиясын жасаймыз, бұйырса", - деп жазды Ерке Есмахан.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →