KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Тойымыздың басы басталып кетті»: Мирас пен Құралай қызын ұзатып жатыр (ВИДЕО)

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Мирас пен Құралай әлеуметтік желідегі парақшаларында қызы Іңкәрдің «Сырға салу» рәсімінен түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Танымал әнші бұл жазбасында қызының болашақ жарының есімін де атап өтті.

«Ал тойымыздың басы да басталып кетті. Бізбен бірге болыңыздар. Іңкәр қызымыз бен Нұрлан бақытты болсын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырды. Сонымен қатар кейбір оқырман «Сырға салу» рәсіміне келген қонақтардың көптігіне назар аударып, бұл жағдайды сынға алды.

Видео / жазбаны ашу

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →