KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Тойыма шақырамын»: Ақбота-Нұр басы бос емес екенін айтып, той уақытын меңзеді

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр жақын арада екінші рет тұрмыс құратынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесі бұл жаңалықты RevueNews-қа берген сұхбатында айтқан. Алайда болашақ жарының кім екенін әзірге құпияда ұстап отыр.

“Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серігімнің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын”, – деді ол.

Айта кетейік, жуырда актриса басты рөлді сомдаған “Соңғы махаббат” фильмінің жабық көрсетілімі өткен. Әнші сұхбат барысында сүйіктісінің де сол кеште болғанын айтып, ал болашақ жары өнер саласына қатысы жоқ екенін меңзеді.

Еске сала кетейік, Ақбота-Нұр 2018 жылғы 1 маусымда актер әрі шоумен Дәурен Айдарқұловпен ресми некеге тұрған. Алайда жұлдызды жұп 2020 жылдың шілдесінде ажырасқанын мәлімдеген еді.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →