KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Той-тойға ұлассын": Сәкен Майғазиев тағы бір өнерлі жұпқа ерекше тілегін жеткізді

• Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

 Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өнерлі жұппен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында өнерлі жұп – Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтардың ұлы Қазбекке ақ батасын берген видеосын жариялады.

"Алла, нәсіп етсе, Әділеттің жолын Қазбек баламызға берсін. Той-тойға ұлассын. Осылай жүгіріп жүруді нәсіп етсін. Жанболат пен Жазира да құда болсын ба, ағайын?", – деді Сәкен Майғазиев.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →