Әлем

Той алдында төсектес болғысы келген қалыңдық пен күйеу жігітті полиция ұстады

Той алдында төсектес болғысы келген қалыңдық пен күйеу жігітті полиция ұстады
shutterstock.com

Малайзияның Джохор штаты, Клуанг қаласында бір айдан кейін үйленбек болған жас жұп діни полицияның қолына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Mothership басылымының мәліметінше, қалыңдық басқа қаладан күйеу жігітінің туыстарымен танысу үшін Клуангқа келген. Ал жігіт болашақ жарының пәктігіне көз жеткізу мақсатында қонақүйден жеке бөлме жалдаған.

Алайда түнде қонақүйге кенеттен діни полиция басып кірген. Есікті ашқан қыз нөмірде жалғыз екенін айтып ақталғанымен, тәртіп сақшылары оның сөзіне сенбеген. Тексеру барысында күйеу жігіттің үстелдің астына тығылып қалғаны анықталды.

Осы жағдайдан кейін екеуіне "халват" бабы бойынша айып тағылды. Бұл – некесіз ер мен әйелдің оңаша қалуын діни құқықбұзушылық ретінде қарастыратын заң.

Айта кетейік, бұған дейін Малайзияның Теренгану штатында екі әйелмен бір бөлмеде ұсталған 20 жастағы ер адамның оқиғасы да жұрт назарын аудартқан. Ол өз әрекетін «қорқынышты кесірткелерден қашып, төсекке секірдім» деп түсіндірген еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz