KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоғыз жылдан кейін әке атанған Елдос Колобок кей таныстарының әрекетіне реніш білдірді

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Белгілі блогер Елдос Қадырханов (Колобок) көп жылдан күткен қуанышымен бөлісіп, Аман Тасығанға берген сұхбатында кей таныстарының салмақсыз әрекеттеріне көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтуынша, ол бұрын достарымен қалжыңдасып, "Бір күні балалы болсам, көрімдікті доллармен бересіңдер" деп әзілдеген. Жаңа туған сәбиін құттықтап, шынымен де доллар әкелгендер де болыпты.

Алайда блогердің көңіліне тигені – осы уақытқа дейін "балалы болсаң көлік сыйлаймын", "пәтер алып беремін" деп уәдені үйіп-төккен кей адамдардың сәбидің дүниеге келген сәтінде тіпті бір ауыз "құтты болсын" деп жазбағаны.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары