Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоғаннан сөмкеге салынған баланың басы табылды

Тоғаннан сөмкеге салынған баланың басы табылды
Фото: әлеуметтік желіден

16 қарашада Мәскеу маңында Гольяновск тоғанынан кішкентай баланың басы табылды, деп хабарлайды kznews.kz Orda.kz сайтына сілтеп.

Мәскеуде баланың анасымен бірге тұратын ер адам аса қатыгездікпен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы бөлшектеген ер адам болса, анасы қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған. Ол баланың басын тоғанға апарып тастаған, сондай-ақ мүрдені де осылай жасыруды жоспарлаған.

Баланың өлімі шамамен соңғы екі күннің бірінде болған. Марқұм алты жасар бала. Ол анасымен және оның бірге тұратын ер адамымен Балашиха қаласында тұрған. Жоғалғаны туралы полицияға әжесі хабарлаған.

Baza телеграм-арнасының дерегінше, күдіктілер ұсталған. Белгілі болғандай, 31 жастағы анасы психиатриялық есепте тұрған. Ол есірткі қолданған, көзіне әлденелер елестеген және ұлын жиі ұрып-соғатын.

31 жастағы әйел Пензен облысынан екі баласымен Балашихаға көшіп келген. Марқұм Мирослав – мүгедек, жүре алмайтын бала . Туған әкесі 2025 жылдың маусымында үйдегі жанжалдарға байланысты кетіп қалған.

16 қарашада тоғанды тазалап жүрген жұмысшылар сөмкені тауып, ішінен баланың басын анықтаған. Балашихадағы пәтерде қалған дене бөліктері де табылды.

Кейін Еленаны ұстаған, алғашқыда кінәні басқа адамға аударуға тырысқан, бірақ 17 қарашада өз кінәсін толық мойындады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.