«Отбасымыздың құпиясы»: судья Ерболат Жанабыловтың сотынан журналистерді шығарып жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Төбемізден жай түскендей»: танымал қазақ журналисті дүниеден озды

«Төбемізден жай түскендей»: танымал қазақ журналисті дүниеден озды

Әріптесінің айтуынша, Индира Жылқайдарова соңғы төрт жыл бойы ауыр дертпен күрескен.

Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова дүниеден өтті. Қаралы хабарды оның әріптесі Жігер Сәрсен әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол журналистің қиындыққа мойымай, ауруды жеңіп, қайта қатарға қосылуға талпынғанын атап өтті.

«Индира әріптесімізден айырылып қалдық. Қаралы хабарды естіп, төбемізден жай түскендей болып отырмыз. Соңғы төрт жыл ақтық демі қалғанша ауыр дертпен арпалысты. Бәрін жеңіп, қатарға қосыламын деген қайсарлығы, алға жетелеген алғырлығы ақыры сұм ажалға жол берді. Арманы асқақ, алары көп еді, амал не? Аллам алдыңнан жарылқап, рақымына бөлесін», – деп жазды Жігер Сәрсен.

Журналистің қазасы әріптестері мен жақындарына ауыр тиіп отыр. Индира Жылқайдарованың өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде көңіл айту жазбалары жариялануда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.