«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты

«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
ФОТО: VAHID SALEMI/AP

Моджтаба Хаменеидің тізесі мен арқасы АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда Иранға жасаған әуе шабуылы кезінде жарақат алған. Алайда қазіргі таңда оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Al Araby басылымы Иран билігіне сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Иранның жаңа жоғарғы рухани көшбасшысының денсаулығына қатысты мәліметті алғаш рет оның кеңсесі ресми түрде жария етті.

Үкіметтік жиындарды үйлестіруші Мазахер Хоссейнидің айтуынша, әуе шабуылы кезінде жарылыстың екпіні Моджтаба Хаменеиді құлатып жіберген. Соның салдарынан ол тізесі мен арқасынан жарақат алған. Сонымен қатар құлағының арты жеңіл кесілген.

«Құлақ тұсындағы жарақат тюрбанның астында болғандықтан байқалмайды. Арқасындағы жара толық жазылды, ал тізесі жақын арада қалпына келеді», – деді Хоссейни.

Сонымен қатар Иран билігі америкалық БАҚ-та тараған «Хаменеи басынан жарақат алды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Ресми өкілдердің сөзінше, жаңа көшбасшының денсаулығына алаңдауға негіз жоқ.

Хоссейнидің мәлімдеуінше, «жау күштері оның нақты жағдайын анықтап, болашақта қастандық ұйымдастыруға тырысуы мүмкін».

«Ол мемлекет ісімен, соның ішінде келіссөздермен де айналысып отыр», – деді Иран өкілі.

Айта кетейік, Моджтаба Хаменеи наурыз айының басында Иранның үшінші жоғарғы рухани көшбасшысы болып сайланған еді. Бұған дейін ол әкесі Әли Хаменеидің кеңсесін басқарған және көптеген саяси процестерде арағайын рөлін атқарған.

Соңғы айларда БАҚ-та Моджтаба Хаменеидің жағдайы туралы түрлі ақпарат тарады. Кейбір басылымдар оның ауыр жараланып, тіпті аяғынан айырылғанын жазған. Сондай-ақ ішкі ағзалары зақымданды деген де мәліметтер болған. Алайда Иран билігі бұл ақпараттардың барлығын ресми түрде теріске шығарды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.