Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тіршілік пен құлшылықты үйлестіріп, үгіт жасау керек

Тіршілік пен құлшылықты үйлестіріп, үгіт жасау керек

Астана. 5 желтоқсан. KAZISLAM – Алматыда өткен жылдық қорытынды басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз осылай деді.

Кеңейтілген төралқа мəжілісінде ҚМДБ бөлім меңгерушілерінің есебін тыңдаған Серікбай Сатыбалдыұлы:

«Уағыз-насихат жұмыстары біржақты жүргізілмеуі керек. Дін қызметкерлері тіршілік пен құлшылықты үйлестіріп, үгіт жасауы лəзім. Жамағаттың құлшылыққа деген құлшынысы артса, тіршіліктегі игі нығметтерден де үміті үзілмесе, әрбір мұсылман, әрбір азамат қоғамға пайдалы болса деген мақсатпен көркем үгіт жасау қажет. Пайғамбар өсиет еткендей, мұсылман баласы мына өмір мен бақи өмірді бірдей еске алып, құлшылық пен тіршілікті құстың қос қанатындай тең ұстағаны жөн. Біз жалпы жұртқа осыны көбірек түсіндіруіміз тиіс» деп атап өтті.

Айта кетейік, кеңейтілген төралқа мəжілісінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыстың бас имамдары 2018 жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Автор
Арман