Қоғам

“Тірілей жерлендім, жаназа намазым оқылды” - Құралай ханым

“Тірілей жерлендім, жаназа намазым оқылды” - Құралай ханым
Фото: ашықдереккөз

Құралай ханымның айтуынша, 2020 жылғы карантин кезінде анасы қатты сырқаттанып, Қаскелеңде тыныс алу аппаратысыз жатқан. Сол уақытта ол інісін Астанаға көшіп, үй салуға көндірген. Алайда көп ұзамай бауыры жүрек талмасынан көз жұмған.

"Өзімді кінәлі сезіндім. Себебі оны жылы орнынан қозғап, туған жерінен, ағайын-туысы мен ортасынан ажыраттым. Осы оқиғадан соң терең күйзеліске түстім", – деді ол.

Күйзелістен шығу үшін Құралай ханым психологиядағы ең ауыр тәжірибелердің бірі саналатын табыт терапиясына жүгінген. Оның айтуынша, ол нағыз табытқа жатып, құлағына жаназа намазы қойылған. "Жолдасыммен қоштастым, балаларымды аманаттадым. Бір сәтте анамның 'Куся' деген үнін естіп, атып тұрдым. Сол сәтте ғана тірі екенімді сезіндім", – дейді психолог.

Терапия барысында оны емдеген маман Құралай ханымның өзгелерден бұрын сауығып кететінін айтып, бойына сенім ұялатқан. Сондай-ақ, жеңгеcі де ағасының тірі кезінде барлық шаруасын реттеп кеткенін айтып, Құралай ханымды жұбатқан.

Осы оқиғалардан кейін Құралай ханым біртіндеп өзін қолға алып, бұрынғы қалпына келе бастағанын жеткізді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz