KZNEWS.KZ
Спорт

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

• Асқар Алтайұлы
Фото: Zakon.kz

Дауыс беру Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен FIDE Бас ассамблеясында ұйымдастырылды. Қалада қазір 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Сайлауға Турловтан бөлек неміс кәсіпкерлері Ян Хенрик Бюттнер мен Вадим Розенштейн түсті. Сондай-ақ 5 дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд та президенттікке үміткер болды. Тағы бір дереккөзге сәйкес Ананд Турловпен бірге президенттің орынбасары қызметіне ұсынылды. Бұл құрам FIDE жариялаған сайлау тізімінде көрсетілген.

Тимур Турлов — Қазақстан шахмат федерациясының президенті. Егер сайлау қорытындысы ресми түрде бекітілсе, ол FIDE-ні басқарған алғашқы қазақстандық болады.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →