Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тимур Құлыбаев бюджетке не үшін $750 млн аударды?

Тимур Құлыбаев бюджетке не үшін $750 млн аударды?
Фото: ашық дереккөзден

Тимур Құлыбаевтің «АЛМЭКС» компаниясы 2025 жылы бюджетке 365 млрд теңге аударды. Бұл туралы мұнай-газ саласы сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов «Фейсбуктегі» парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Сарапшы компаниялардың 2025 жылғы салық төлеу қорытындысына қатысты деректі Forbes басылымынан оқығанын жазады.

«Мұндай төлем «АЛМЭКС»-ті 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің ТОП-3 қатарына қосып отыр (ТШО мен КПО компанияларынан кейін)»,- деп жазды ол.

Оның айтуынша, компания ресми ірі салық төлеушілер тізіміне енбеген, әрі бұған дейін бұл туралы еш жерде хабарланбаған. Сондықтан Жұмағұлов «Kompra» арқылы ақпаратты қайыра тексеріп көрген.

«КБК #206108 — «республикалық бюджетке салықтық емес түсімдер» бойынша 363 млрд теңге (750 млн доллар) төлем жасаған» деп нақтылайды ол.

Сарапшы бұл төлемге қатысты мән-жайды сұрастыра бастағанда, Тимур Құлыбаевтың айналасындағы адамдар «бұл Мемлекет басшысының ірі бизнеске мемлекет пен қоғамның өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге шақыруына жауап ретінде жасалған ерікті жарнасы» екенін айтқан.

«Қаражат республикалық бюджетке тікелей аударылып, әлеуметтік міндеттерді (жол жөндеу, мектептер мен ауруханалар салу және т.б.) шешуге бағытталған. Мұнан астар іздеудің қажеті жоқ» деді олар», - деп жазады Жұмағұлов.

АЛМЭКС - Қазақстандағы ірі жеке инвестициялық холдингтердің бірі. Ол негізінен қаржы, банк, сақтандыру және түрлі инвестициялық жобалармен айналысады. Құрылтайшылары - Тимур Құлыбаев пен жұбайы Динара Құлыбаева. Холдингтің ең ірі және белгілі активі — Halyk Bank.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.