Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмі касса жағынан «Аватарды» басып озды

Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмі касса жағынан «Аватарды» басып озды
Фото: Видеодан скрин

АҚШ-та режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Мейірім» (Mercy) атты жаңа фильмі прокатқа шықты. Картина алғашқы аптада 11,2 млн доллар жинап, бес апта бойы көш бастап тұрған «Аватар: От пен күл» (Avatar: Fire and Ash) фильмін екінші орынға ығыстырды. Бұл туралы Variety басылымы хабарлады.

Ғылыми-фантастикалық жанрда түсірілген фильм оқиғасы болашақта өрбиді. Басты рөлді актер Крис Пратт сомдайды. Оның кейіпкері әйелін өлтірді деген күдікке ілініп, тағдырын жасанды интеллект негізіндегі сот шешуі тиіс.

Сарапшылардың болжамы бойынша, фильм алғашқы аптада 12 млн доллар жинауы керек болған. Алайда ауа райының күрт нашарлап, боран соғуы кинотеатрға келушілер санына кері әсер еткен.

Халықаралық прокатта «Мейірім» 80 елде көрсетіліп, 11,6 млн доллар табыс тапты. Фильмнің жалпы бюджеті – 60 млн доллар.

Дегенмен, картинаның көрермендер мен сыншылар арасындағы бағасы әзірге жоғары емес. CinemaScore сауалнамасы бойынша фильм B- рейтингін алса, Rotten Tomatoes сайтындағы сыншылар бағасы небәрі 20% деңгейінде.

Айта кетейік, «Аватар: От пен күл» фильмі былтыр жаңа жыл қарсаңында прокатқа шыққан. Ол алғашқы аптасында 962 млн доллар жинап, рекорд орнатқан болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.