Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тілашарда долларлап шашу шашқан блогер елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Тілашарда долларлап шашу шашқан блогер елді таңғалдырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Аталған мереке блогердің туған сіңлісі Альбинаның бір жасқа толған қызының құрметіне ұйымдастырылған. Сол қуанышты сәтте Салтанат Аманқосова әлеуметтік желідегі парақшасында доллардан шашу шашты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл қуанышты іс-шара блогердің туған сіңлісі Альбинаның бір жасқа толған қызының құрметіне ұйымдастырылған. Салтанат Аманқосова бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, доллардан шашу дәстүрін көрсетті.

«Жалғыз жиенімнің бір жасқа толған тойына көкем екеуміз 100 долларды бір-бірлеп шаштық. Тойың құтты болсын, жаным!» – деп жазды блогер.

Желіге жарияланған видео көпшілік назарын аударды. Оқырмандар түрлі пікір қалдырды: біреулері блогердің ісін құптап, жылы лебіздерін білдірсе, басқалары Маңғыстау өңіріндегі дәстүрдің әлі де сақталғанын атап өтті.

«Жарайсың, Салтош!», «Маңғыстауда беташарда да, тойда да шашу шашу дәстүрі жақсы сақталған, ақша жинап әуре болмайды», – деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.