Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

TikTok-та жоқ етті сатамын деген келіншек 20-дан астам адамды алдап кеткен

TikTok-та жоқ етті сатамын деген келіншек 20-дан астам адамды алдап кеткен

Ақтауда бірнеше апта ішінде ондаған адамды алдап, шамамен 400 мың теңге жинаған әйел әшкереленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыс орталығының тұрғыны 27 қараша күні TikTok желісінде «aktauetsupnaborzakaz» атауымен аккаунт ашып, ет өнімдерін арзан бағамен сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Осы ұсынысқа сенген тұрғындар алдын ала тапсырыс беріп, 10 желтоқсанға дейін ақша аудара бастаған.

Алайда жиналған қаражат 400 мың теңгеге жуықтаған сәтте бұл әрекетті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазірдің өзінде 20-дан астам жәбірленуші анықталған.

Аталған дерек бойынша 2025 жылғы 22 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге елден шығуға тыйым салынды, тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.