KZNews.kz
Қоғам

Threads желісінде Конститутция жобасын балағаттаған астаналық 15 тәулікке қамалды

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Астаналық Қантемір Апмышев Threads желісінде Конститутция жобаны балағаттап жазғаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алмышевтің қамалғанын оның жары хабарлады. Сот шешімінде Қантемірдің 9 ақпанда Threads желісінде балағат сөз айтып, пост жариялағаны, осылайша айналасындағыларға құрмет көрсетпегені және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны жазылған. Оған 434-бап 1-бөлігі бабы бойынша айып тағылған.

Қантемір Апмышев сот алдында қатты эмоцияға беріліп тұрған кезде жазғанын және сол үшін өкінетіндігін айтқан. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →