Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Техқабаттар мен жертөлелерді өз бетінше қайта жабдықтап, сату фактілері жиіледі - сенатор

Техқабаттар мен жертөлелерді өз бетінше қайта жабдықтап, сату фактілері жиіледі - сенатор
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Бекбол Орынбасаров тұрғын үй саласындағы жүйелі мәселелерді көтеріп, Бас прокурорға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, көпқабатты үйлердегі ортақ мүлікті заңсыз иемдену және пайдалану жағдайлары көбейген.

Депутат әсіресе техникалық қабаттар мен жертөлелерді өз бетінше қайта жабдықтап, кейін сату фактілері жиілегенін атап өтті. Мұндай әрекеттер заң талаптарын да, тұрғындардың құқықтарын да өрескел бұзады. Кей жағдайларда бұл нысандар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен тұрғын үй немесе коммерциялық мақсаттағы объект ретінде заңдастырылып жатады.

Сенатордың айтуынша, бұл тұрғындардың маңызды инженерлік желілерге, сорғы станцияларына және жылу жүйелеріне қол жеткізуін қиындатады. Нәтижесінде ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігіне қауіп төнеді, төтенше жағдайлар қаупі артады және адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келуі мүмкін. Сонымен қатар, заңсыз қайта жоспарлау бастапқы жобада қарастырылмаған коммуникацияларға артық жүктеме түсіреді.

Бекбол Орынбасаров азаматтардың жергілікті органдар мен прокуратураға жасаған шағымдары жиі нәтиже бермейтінін де айтты. Сол себепті адамдар жоғары деңгейдегі органдарға жүгінуге мәжбүр.

"Мұндай келісімшарттарды жарамсыз деп тану және техникалық қабаттарды, жертөлелер мен паркингтерді сот органдары арқылы кондоминиумға қайтару үшін прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдау маңызды. Меншік иелері жиналыстарының хаттамаларын бұрмалағаны және ортақ мүлікті заңсыз иемденгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыру керек", - деді сенатор.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі