KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Терроризмді насихаттаған Ақтөбенің екі тұрғыны ұсталды

• Санжар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады.

«2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды», – делінген ҰҚК сайтында.

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды. 17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →