“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Тергеушінің қиялы»: Перизат Қайрат өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты

«Тергеушінің қиялы»: Перизат Қайрат өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты

Астанада өтіп жатқан сот процесінде қайырымдылық желеуімен жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат айыптау актісімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ

Сот отырысында судья айыпталушыға кінәні мойындау және шын жүректен өкініш білдіру – жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырылатынын еске салды. Алайда Перизат Қайрат айыпты мойындаудан бас тартты.

«Құрметті судья, мен айыптау актісімен келіспеймін, себебі прокурор келтірген уәждер негізсіз. Қарапайым тілмен айтқанда, тергеушінің қиялына мен жауапты емеспін. Маған тағылған негізсіз айыпты мойындамаймын. Сот енді басталды, әрі қарай нақты деректермен өзімді қорғайтын боламын», – деді айыпталушы.

БАҚ өкілдеріне сот залына кіруге тыйым салынды

Бүгінгі сот отырысында судья журналистердің қатысуына тыйым салу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ сот барысында Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ екені белгілі болды.

Прокурор қайырымдылық қаражатының қайда жұмсалғанын айтты

Сотта сөз сөйлеген прокурор Перизат Қайрат анасымен бірге Палестинаға арналған қайырымдылық көмекті қалай жеке бизнеске айналдырғанын және жиналған қаржыны қайда жұмсағанын нақтылап баяндады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.