Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Теміржол және әуе билетінің бағасы өсе ме": Көлік министрлігі жауап берді

"Теміржол және әуе билетінің бағасы өсе ме": Көлік министрлігі жауап берді
Фото: ҚТЖ

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мереке күндері әуе және теміржол билеттерінің бағасы күрт өспейтінін айтты. Оның айтуынша, келесі жылы да тасымал құнын қымбаттату жоспарда жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Вице-министр Қазақстанның негізгі бағыттарында рейстер мен пойыздардың саны артатынын мәлімдеді. Бұл өзгерістер әуе және теміржол қатынасына бірдей әсер етеді.

«Әуе рейстері көбейеді. Танымал бағыттарға қосымша рейстер қойылып, орын саны кеңейтіледі, жаңа бағыттар ашылады. Бұл әсіресе Алматы, Шымкент және Ақтау бағыттарына қатысты. Теміржолда да қосымша пойыздар шығып, қолданыстағы бағыттарға тіркемелі вагондар қосылады», – деді Қалиақпаров.

Сонымен қатар ол билет бағасының қымбаттауы күтілмейтінін атап өтті.

«Бағаның жалпы өсуі болмайды. Жолаушылардың жартысынан астамы сапарын алдын ала жоспарлап, билеттерді ерте сатып алады. Бұл алдағы мерекелерге де қатысты. Келесі жылы билет бағасын көтеру жоспары жоқ», – деді вице-министр.

Айта кетейік, FlyArystan 17 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау рейстеріне билеттерді 100 долларға дейін арзандатқанын хабарлады. Лоукостер күз-қыс маусымына арналған бұл бағыт бойынша арнайы жеңілдік ұсынуда.

 

 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі