Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда өртенген үйден құтқарушылар екі баланы аман алып қалды - новости Казахстана

Теміртауда өртенген үйден құтқарушылар екі баланы аман алып қалды - новости Казахстана

Теміртауда өртке оранған үйден өрт сөндірушілер екі баланы құтқарып қалды. Олар үйде жалғыз қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:dpchas.com.ua

Өрт жайлы хабар 6 желтоқсан күні кешкі 17:20-да түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жабық тұрған темір есікті көреді.

Ал тұрғындар үйде бес және екі жасар балалардың бар екенін айтқан. Өрт сөндірушілер балаларды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды.

Анықталғандай, үйдің қонақ бөлмесі өртенген. Балалар үйдегі иістен уланып қалыпты.

Оқиға орын алған уақытта үйдің екі үлкен баласы мектепте болса, анасы жұмысқа кеткен.

"Егер бізге көршілер дер уақытында хабарласпаса, балалар өліп кетуі де мүмкін еді", - дейді өрт сөндірушілер.
Автор
Жандос