Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда кіреберістегі шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды

Теміртауда кіреберістегі шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды
Фото: Видеодан скрин

Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған жаңа жылдық шыршаны өртеген ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға қаланың тұрғын үйлерінің бірінде болған. Желіде тараған бейнежазбадан кіреберісте безендірілген шыршаның кенеттен лап етіп жанғанын көруге болады. Өрт дер кезінде сөндіріліп, зардап шеккендер жоқ.

Тәртіп бұзушы сол үйдің 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның әрекеті бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру ретінде бағаланды.

Әкімшілік іс Теміртау қалалық сотында қаралып, сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.