Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу эстафетасы өтті

Теміртауда биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу эстафетасы өтті
t.me/kazakhmys_news

Теміртау қаласында орналасқан Qarmet University алаңында биіктікте қауіпсіз жұмыс істеуге арналған арнайы эстафета ұйымдастырылды, деп хабарлайды kznews.kz. Іс-шараға еліміздің тау-кен металлургия саласындағы ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Атап айтқанда, сайысқа «Қазақмыс корпорациясы» кеншілері, «Kazakhmys Smelting» металлургтері, Qarmet жөндеу-монтаждау зауыты, Qarmet Service және «РемЭкология» мердігер ұйымының командалары қатысты. Әр топ бес қатысушыдан құралды.

Бағдарлама теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Қатысушылар еңбекті қорғау талаптары бойынша білімдерін көрсетіп қана қоймай, шынайы өндірістік жағдайға барынша жақын ортада биіктікте жұмыс істеу дағдыларын сынақтан өткізді.

Qarmet компаниясы Болат департаментінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі директоры Бауыржан Әлжановтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу мен ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту.

– Біз әріптестерімізбен тәжірибе бөлісіп, жаңа дағдыларды меңгеруге дайынбыз. Осындай бастамалар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді, – деді ол.

Практикалық кезең арнайы жабдықталған полигонда өтті. Тапсырмалардың орындалуын білікті сарапшылар бағалап, қатысушылардың кәсіби деңгейіне жан-жақты талдау жасалды. Айта кету керек, эстафета жеңімпазды анықтауға емес, тәжірибе алмасуға бағытталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

«Қазақмыс корпорациясы» Еңбекті қорғау департаменті тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы Владимир Саламатин қауіпсіздік мәселесінде бәсекелестіктің болмауы тиіс екенін атап өтті.

– Qarmet те, Kazakhmys та бір салада еңбек етеді. Сондықтан өндірісті қауіпсіз ету – бәрімізге ортақ міндет. Осындай алаңдарда бұл ұстаным айқын көрінеді. Бірлескен жұмыс алдағы уақытта да жалғасады деп сенемін, – деді ол.

Іс-шара өндірістік қауіпсіздіктің ірі кәсіпорындар үшін басты құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сарапшылардың пікірінше, қауіпсіздік тек ережелерді сақтаумен шектелмейді. Ол әр қызметкердің жеке жауапкершілігі, тұрақты оқыту және тәжірибе алмасу арқылы қалыптасады.

Осындай бастамалар өндірістегі тәуекелдерді азайтып, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тұрақты әрі сенімді жұмыс ортасын құруға негіз болады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.