KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тележүргізуші Артур Платонов лауазымды қызметке тағайындалды

KZNEWS

Ол «Нұр Отанның» партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Артур Платонов "Нұр Отан" партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", — деп жазды Байбек.

Комитеттің бұрынғы басшысы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары