KZNews.kz
Шоу-бизнес

Телефоннан музыка тыңдап, ұйықтап кеткен жігіт мерт болды (фото) - новости Казахстана

Бауыржан

Таиландтың Чонбури қаласында 24 жастағы Критсада Супол есімді жігіт музыка тыңдап жатып қайтыс болды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:iPhones.ru

Жігіт ұялы телефоны қуатталып жатқанда музыка тыңдамақ болған. Бірақ сол кезде оны тоқ ұрып өлтірген.

Фото: ViralPress

Таңертең пәтер иесі жігіттің мәйітін тапқан. Оның құлағында күйік белгілері болыпты.

Полицейлер бұған Критсада пайдаланған арзан қуаттау құрылғысын кінәлап отыр.

Фото: ViralPress

Олар өндіруші компаниялар шығарған құрылғыларды пайдалануға кеңес берді.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →