KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Tele 2» Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

• Мадияр

Шведтік «Tele 2» бірлескен ұялы байланысындағы үлесі өз үлесін «Қазақтелекомға» сататынын мәлімдеді.

««Tele 2» жарты жылдың ішінде мәмілені үзетін болады.2009 жылдың желтоқсанында қазақстандық ұялы байланыс операторы «Мобайл Телеком-Сервистен»  51 пайыздық үлесті сатып алу туралы шартқа қол қойды. Келісімшарттың жалпы құны 545 швед кронын (76,7 млн доллар) құрады. «Tele 2» бес жылдың ішінде Amun Capital жеке компаниясына тиесілі қалған 49% акцияларын сатып алу мүмкіндігіне ие болды», — дейді компанияны баспасөз-хатшысы Олжас Бибанов.

Айта кетсек, компания 2012 жылдың 29-сәуірінде Ақтөбе облысында ұялы байланыс желісін іске қосты, содан кейін оператор Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істей бастады.

Сондай-ақ 2018 жылдың наурыз айының басында «Tele 2 Kazakhstan» және «Қазақтелеком» біріккендігін хабарлады. Осы сәтті «Tele 2» компаниясы бірлескен кәсіпорындар басқармасын өз бақылауында ұстады.

Дереккөз: qamshy.kz

Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →