KZNews.kz
Жаңалықтар

"Тектінің тұяғы, асылдың сынығы": Батырхан Шүкеновтің ұлы Бибігүл Төлегенованың ақ батасын алды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
instagram.com/savelyeva_leka01

Танымал әнші Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт қазақ музыка өнерінің аңызы, "қазақтың бұлбұлы" атанған Бибігүл Төлегеновамен кездесіп, ақ батасын алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жылы әрі әсерлі жүздесу Жаңа жыл қарсаңында өткен. Кездесуден үзінділер әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің көңілін толқытты. Осы сәт туралы желі қолданушысы Лека Савельева жазба жариялап, кездесудің ерекше мейірім мен рухани жылылыққа толы болғанын атап өтті.

Жазбада айтылғандай, Батырхан Шүкенов Бибігүл Ахметқызын айрықша қадірлеген, тіпті оны өзіне екінші анадай көрген. Консерваторияда білім алып жүрген жылдары да Бибігүл Төлегенованың шаңырағы Батырхан үшін рухани демеу болған, өнер мен адамгершілік тоғысқан қасиетті орда саналған.

Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, көпшілік Мақсұтқа да, Бибігүл Ахметқызына да ақжарма тілектерін арнады. Көпшіліктің пікірінше, бұл жүздесу – қазақ өнеріндегі ұрпақ сабақтастығы мен рухани жалғастықтың айқын көрінісі.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары