Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тегеранда шабуылдан кейін халықаралық әуежай өртеніп жатыр

Тегеранда шабуылдан кейін халықаралық әуежай өртеніп жатыр
ашық дереккөзден

Иран астанасы Тегеранда Израиль мен АҚШ жасаған әуе соққыларынан кейін Мехрабад халықаралық әуежайы өртеніп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Шабуылдан кейінгі салдар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, Тегеранның батыс бөлігінде бірнеше күшті жарылыс болған.

Оқиға орнында бірнеше жерде, соның ішінде Мехрабад әуежайы маңында ірі өрттер шыққаны хабарланды.

Айта кетейік, Мехрабад халықаралық әуежайы – Ирандағы ең көне әрі тарихи маңызы бар әуежайлардың бірі. 2000 жылдардың басына дейін ол елдің негізгі халықаралық әуежайы болған. Сол кезде халықаралық рейстердің басым бөлігі дәл осы әуежай арқылы жүзеге асырылған.

Алайда жолаушылар санының күрт артуына байланысты Иран билігі жаңа әуежай салу туралы шешім қабылдады. 2004 жылдан бастап халықаралық рейстердің көпшілігі Тегераннан 30-40 шақырым оңтүстікте орналасқан Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайға көшірілді.

Сонымен қатар Иран тарапы да жауап ретінде Израиль аумағына соққы жасап жатыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы "Шындық уәдесі – 4" операциясы аясында жаңа шабуыл толқыны басталғанын мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер