НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 239 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болып, өсім 1,8%-ке жетті, деп хабарлайды жедел штаб.
"Ең көп жағдай Қарағанды облысы - 52 (4,2%), Шымкент қаласында - 30 (3,0%), Нұр-Сұлтан қаласында - 27 (1,1%) және Алматы қаласында - 18 (0,6%) тіркелді", – делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
- Ақтөбе облысы - 17 (4,0%)
- Батыс Қазақстан облысы - 15 (1,7%)
- Қызылорда облысы - 14 (3,0%)
- Маңғыстау облысы - 14 (4,1%)
- Алматы облысы - 13 (2,8%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 11 (5,4%)
- Павлодар облысы - 10 (3,5%)
- Атырау облысы - 5 (0,4%)
- Жамбыл облысы - 5 (1,1%)
- Түркістан облысы - 5 (1,2%)
- Ақмола облысы - 2 (1,1%)
- Қостанай облысы - 1 (0,5%).
Жалпы ел бойынша аталған індет салдарынан 67 адам көз жұмды.