Осыдан бірнеше ай бұрын сүйіктісін жолықтырғанын айтып, барлық жанкүйерлерінен сүйінші сұраған Тәуекел Мүсілім бүгінде ғашығымен айырылысып кеткенін айтты. Бұл туралы отандық актер Мая Бекбаеваның авторлық бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Сондай-ақ, актер болашақ жарының қызықты болғанын қалайтынын айтты. Ол өзінің ғашығымен сөйлесіп, түрлі ойларымен бөліскісі келетінін жеткізді.
"Әке-шешемнің ажырасқаны маған қатты әсер етті. Сондықтан мен бұл жағдайдың қайталанғанын қаламаймын. Сол үшін мен өмірлік серігімді таңдағанда ешқашан ажыраспайтын адаммен қосылғым келеді. Әрине, таңдау қиын", -деді отандық актер.