KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тау шаңғысынан Параазия ойындары Иранда өтеді

KZNEWS

2018 жылғы 26 желтоқсан 12:52 196

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Тау шаңғысынан Паралимпиадалық Азия ойындары Иранның солтүстігіндегі Дизин курортында өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Жарыстар 1-5 ақпан күндері слалом және гигант слалом түрлері бойынша өтеді.

Дизин - Иранның ең ірі тау-шаңғы курорты. 1969 жылы салынған. Бұл Халықаралық шаңғы спорты федерациясы қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстарды өткізуге рұқсат берген Ирандағы алғашқы курорттардың бірі.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары