KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

• Қайсар Қанат
Татьяна Савельева. Фото: parlam.kz

Ақорданың ресми хабарламасында:

«Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген.

Осыған дейін Президент өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Татьяна Савельева бұған дейін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болған. 7 қазанда Құрылтай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдаған еді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Савельева 6 қазанда депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген. Оның өтінішін депутаттар қолдады.

Осыдан кейін Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →