Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ташиев, Зулушев, Тургунбек: Қырғызстанда шенеуніктерге ауыр айыптар тағылды

Ташиев, Зулушев, Тургунбек: Қырғызстанда шенеуніктерге ауыр айыптар тағылды
Фото: Facebook

Елде бұрын жоғары лауазым атқарған үш тұлғаға — Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Камчыбек Ташиевке, бұрынғы депутат Курманкул Зулушевке және Жогорку Кенештің экс-спикері Нурланбек Тургунбек уулу (Нурланбек Шакиев) ресми түрде айып тағылғаны белгілі болды. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокаттың айтуынша, аталған тұлғалардың барлығына іс бойынша өзге күдіктілерге тағылған баптарға ұқсас айыптар жарияланған. Олар ауыр қылмыстар санатына жатады, оның ішінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және тергеу нұсқасы бойынша мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену бар.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, күдіктілерден жауап алу Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағатқа созылған. Тергеу әрекеттерінен кейін олар ведомство ғимаратынан шыққан. Әзірге ресми органдар айыптардың нақты мән-жайы мен тергеу барысын жариялаған жоқ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл іс «75-тің хаты» деп аталатын жағдаймен байланысты. Еске салсақ, ақпан айында 75 адамнан құралған топ Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған еді.

Осыдан кейін кадрлық өзгерістер орын алды: Камчыбек Ташиев қызметінен босатылып, ведомство қайта құрылымдалды, бірқатар шенеунік лауазымынан айырылды. Нурланбек Тургунбек уулу спикерлік өкілеттігін тоқтатып, депутаттық мандатынан бас тартты. Мұндай шешімді Курманкул Зулушев те қабылдады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.