Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тәрбие сағаты "Мамандықтар әлемінде" 9 сынып
Автор: Абдирова Минзада Турегельдиевна
Бағыты: Əлеуметтік педагог Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-07
Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогке және психологке қажетті
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
- Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
- Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Дәйексөз Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л.Н.ТолстойЖағдаятпен танысып, шешімін табыңыз.Менің бір әріптесім, дарынды инженер болатын. Өзі көптен бері бастығымызбен өштесіп жүр. Екеуі де – бір беткей, айтқанынан қайтпайтын жандар. Инженер өз мамандығын жақсы меңгерген, өз бағасын біледі, сондықтан да ешқашанда өзін жұмыстан шығармайтынына сенімді. Оны бастығымыз да жақсы түсінеді, бұл жағдай бір жағынан тұтанған отты маздата түсті. Инженер жиналыс сайын бастықты келемеждеп, мазақ етіп отырады, ал бастығымыз болмашы нәрсеге бола инженерге тиісіп, тіпті сыйақыдан да құр қалдыратын болды, пайдасыз жерге іссапарға да соны жібереді. Мен ұзақ созылған бұл жағдаят өз-өзінен шешілер деп ойлайтынмын. Өкінішке орай, өршіп бара жатқан сияқты. Осы мәселенің шешімін таба алмай-ақ қойдым. Бүкіл ұжымның мазасы кетті. Не істесек екен?Тапсырма Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша дәлелде.
- Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
- Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
- Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
- Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
- Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
- Ақша болса, мамандық қажет емес.
- Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
- Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
- Мамандық таңдау – күн көріс қамы.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.