Жаңа жыл қарсаңында орталыққа жиналған жұрт шыршаның өртенген сәтін видеоға түсіріп алды.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.
2022 жылғы 1 қаңтарда сағат 00.06-да Тараз қаласында "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің алаңында жасанды жаңа жылдық шырша өрті орын алды, 15 ш.м. алаңда өрт 00:15-те ауыздықталып, сағат 00:20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп көрсетілген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіру үшін ТЖД-нің 14 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды.
«Суретке қайда түсеміз енді», «Масқара, тыныш тұрған шыршада нелерің бар еді», «Есесіне келесі жылы жаңа шырша болады», – деп жазды желі қолданушылары.