Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда қызғаныштан әйелді тұншықтырған ер адам 13 жылға сотталды

Таразда қызғаныштан әйелді тұншықтырған ер адам 13 жылға сотталды

Тараз қаласында әйелді қызғаныш үстінде тұншықтырып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіру және ұрлық жасау баптары бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы жағдай өткен жылы Тараздағы пәтерлердің бірінде болған. Сол күні сотталушы әйелмен және оның танысымен бірге алкоголь ішкен. Қонақ кеткеннен кейін ер адам мен әйел пәтерде оңаша қалған.

Бір уақытта әйелдің ұялы телефонына қоңырау түскен. Ол жанындағы ер адамға хабарласып тұрған адамның күйеуі екенін айтқан. Бұл сөз сотталушының ашуын туғызып, қызғанышқа бой алдырған ол әйелдің мойнынан ұстап, тұншықтыра бастаған.

Алған жарақатынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыстан кейін ер адам марқұмның құны 15 мың теңге болатын ұялы телефонын алып, пәтерден шығып кеткен. Ол бірнеше сағат бойы қала көшелерін кезіп жүрген.

Кешке саябақтардың бірінде полиция қызметкерлеріне өзі барып, адам өлтірген болуы мүмкін екенін айтқан. Ер адамның көрсетуі бойынша пәтерге барған тәртіп сақшылары әйелдің денесін тапқан.

Сот ер адамды адам өлтіру және ұрлық жасау бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеу үшін 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сотталушының әрекетінен қауіпті қылмыстық қайталану белгісі анықталған. Бұдан бөлек, оған психобелсенді заттарды қолдануға байланысты бұзылыстардан мәжбүрлі түрде емделу міндеттелді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер