Таразда батут қатты желге ұшып, ішіндегі балалар құлап кетті, деп хабарлайды kznews.kz Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Ұлы Дала шағын ауданындағы 68/1 ғимаратының жанында орналасқан.
Батут қатты желмен көтеріліп, сол кезде батутта болған екі бала жерге құлап түсті.
Әулиеата аудан әкімінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ерғараев батуттың заңсыз орнатылғанын және сол күні алып тасталғанын айтты.
“Ол 10-ы немесе 11-і күні орнатылған. 11-і күні қатты жел болғандықтан, батут көтеріліп кетті. Онда ешқандай сертификат, рұқсат немесе қауіпсіздік құралдары, соның ішінде ұстағыштар болған жоқ”, – деді Ерғараев.
Оның айтуынша, аудан әкімшілігі оқиға орнына полиция шақырып, батут иесіне 20 айлық есептік көрсеткіш (86 000 теңге) айыппұл салды. Аудан әкімшілігі батут орналасқан тұрақ иесіне қатысты құжаттарды қаланың жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жолдады.
Жедел жәрдем көлігі балаларды ауруханаға апарды, онда фельдшерлер олардың ешқандай жарақат алмағанын анықтады. Кейін батут иесі мен балалардың ата-аналары мәселені шешіп, шағымданбауға келісті.