“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда моланың ішінен шыққан ібіліс жұртты шошытты

Таразда моланың ішінен шыққан ібіліс жұртты шошытты

Видеоның egovpress.taraz инстаграм парақшасынада жарияланғанына қарап оқырмандар оңтүстік өңірлердің бірі деп жорамал жасаған. Видео күндіз түсірілген.

Бейнежазбаны түсіріп тұрған адам «Байқадыңдар ма, ана жерде шайтан тұр!» – деп айғайлайды. Сәлден соң дауыстап аят оқып, артынша «Қазір осы шайтанды ұстаймыз!» деп зиратқа ұмтылады. Дәл осы сәтте моланың ішінен ешкіге ұқсайтын бір тіршілік иесі атып шығып, әп-сәтте көзден ғайып болады.

«Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті: бірі «жын шынымен көрінген» десе, енді бірі «бұл жай жануар» деп санайды. Ал кейбірі «біреудің әзіл үшін жасаған әрекеті болуы мүмкін» деген пікір айтады. Дін өкілдері мұндайда қорыққан кезде «Аятул Курси», «Ихлас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқу – ең сенімді қорған дейді. Сіз қалай ойлайсыз, бұл шын тылсым құбылыс па, әлде жай ғана әзіл ме?», - деп жазған аталмыш дерек көзі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.