Әнші Абай Бегейдің жұбайы — Фариза Жуманова жақында әлеуметтік желілерде ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол күйеуі бастапқыда төртінші балаларына «гендер-пати» жасауға қарсы болғанын айтып, бұл оқиғаны достары мен желі қолданушыларымен бөліскен.
Фариза Instagram парақшасында былай деп жазды:
«Тақсыр ұрсып, “жасамаймыз ондай пәле” деп…» — бастапқыда күйеуі бұл идеяға қарсылық білдірген.
Одан әрі ол қыздары Бәшон мен Симби әкесін көндіргенін айтты:
«Бәшон мен Симби зорға көндірді, “Апа, блогер — бәрі қызығып күтіп жүр”, — деп. Кетер күні бәрін ұйымдастырып берді», — деп жазған Фариза.