ка

Тақпақ: Қазақстан картасы

09.03.2019 22:56
0
16
Тақпақ: Қазақстан картасы

Тақпақ: Қазақстан картасы казакша Тақпақ: Қазақстан картасы на казахском языке
Анау – Жайық өзені,
Анау жатқан – Атырау.
Бәрі сенің өз жерің,
Өз суларың, батыр-ау.
Туған жердің тынысын
Ұққын орман нуынан.
Алтынды Алтай – шығысың,
Қыран ұшқан шыңынан.

Оңтүстігің – Алатау,
Биіктерін қар басқан.
Алатауда ақ отау,
Алматыға жалғасқан.
Жерің түгел бақша-бау,
Соны сүйіп өс, ұлым.
Бір жағыңда – Ұлытау,
Өр жағыңда – Есілің.

Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын.
Осы жердің барлығы –
Қазақ жері, ай-күнім.



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий