Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал журналист геосаяси ахуалға қатысты пікір білдірді

Танымал журналист геосаяси ахуалға қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Тележурналист Азамат Әбілқайыр өңірдегі геосаяси ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Иран төңірегіндегі текетірес қауіп-қатерлердің кейде алыстан емес, ең жақын геосаяси ортадан туындайтынын көрсетті.

Осыған байланысты журналист Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанымын еске салды. Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастықтың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Президент Орталық Азия елдері арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтудың, сенімді диалогты дамытудың және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің стратегиялық мәніне ерекше назар аударады. Оның пікірінше, дамушы және орта державалар үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара тығыз ықпалдастық орнату аса маңызды.

Азамат Әбілқайыр жаһандық турбуленттілік жағдайында көрші мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен прагматикалық ұстаным қауіпсіздіктің негізгі факторына айналатынын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның байыпты әрі теңгерімді сыртқы саяси бағытына тоқталып, күрделі аймақтық ортада салмақты саясат жүргізіп отырған Иордания тәжірибесін мысалға келтірді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.