Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал шоудың қатысушысын құлдыққа алып кетіп, ағзаларын сатып, денесін өртеп жіберген

Танымал шоудың қатысушысын құлдыққа алып кетіп, ағзаларын сатып, денесін өртеп жіберген
Ашық дереккөзден

Беларусьтің танымал «Голос» шоуының бұрынғы қатысушысы Мьянмада құлдыққа түсіп, кейін оның ағзалары сатылып, денесі өртелгені белгілі болды.

Минск тұрғыны жарнама арқылы Таиландқа модель болып жұмыс істеуге кеткен. Алайда Бангкокқа жеткеннен кейін оны алдап, Мьянма аумағына алып кетіп, алаяқтықпен айналысатын колл-орталықта (scam-орталықта) жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан соң ол туыстарымен байланысқа шықпай қалған.

Бірнеше апта өткен соң белгісіз адамдар қыздың туыстарына хабарласып, оның ағзалары сатылып, денесі өртелгенін айтқан.

Беларусьтің Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты түсініктеме беріп, іздеу жұмыстарының басталғанын растады.

«Қазіргі уақытта Вьетнамдағы Беларусь елшілігі жоғалған азаматшаны іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Анасының айтуынша, соңғы байланыс 4 қазанда болған», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Қызды іздестіру жұмыстарына Беларусь пен Мьянманың құқық қорғау және сыртқы саясат органдары, сондай-ақ елдің Янгон мен Бангкок қалаларындағы құрметті консулдықтары да тартылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер