Араша сұрар заң қайда? Арыстағы трагедия бүкіл қоғамға үкім
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал қазақ әншісі шетелде жүрген жерінен жоғалып кетті (ВИДЕО)

Танымал қазақ әншісі шетелде жүрген жерінен жоғалып кетті (ВИДЕО)
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық рэпер Дархан Жұмабек, көпшілікке Кисло-Сладкий лақап атымен танымал, Таиландта жоғалып кетті деген ақпарат тарады. Оның таныстары мен әріптестері әлеуметтік желіде дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің жоғалып кетуі мүмкін екенін музыкалық клиптер режиссері Parasat.top хабарлады. Оның айтуынша, рэпер таңертең Пхукеттен Бангкокке ұшып келуі керек болған. Түсірілім тобы жұмысқа дайындалып қойғанымен, артист белгіленген жерге келмеген. Кейін ол байланысқа шықпай қалған.

"Оның барлық телефоны өшірулі. Ол Малайзияға кетуі мүмкін екенін айтқан еді. Біз мұнда қонақүй жалдап, техника алып, оны күтіп отырдық", – деді режиссер.

Клипмейкер миграциялық полицияға жүгінетінін, қажет болған жағдайда жағдайды анықтау үшін шекараға дейін баруға дайын екенін айтты.

Кейін ол бақылау камерасына түскен видеоны жариялады. Кадрларда сырт келбеті Кисло-Сладкийге ұқсайтын ер адам көшеде жүріп, айқайлап, қолын сермеп, есіктерді ашуға тырысып, өзін оғаш ұстағаны көрінеді. Режиссердің сөзінше, рэперді соңғы рет Паттайяда көрген.

Ол сторисінде Дарханның ерекше белгілері жазылған іздеу хабарламасын жариялап, сондай-ақ Кисло-Сладкийдің өзіне жіберген соңғы видеосымен бөлісті.

"Оның не айтып тұрғанының жартысын түсінбеймін", – деді режиссер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер